Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Сырға ЛМИК 10285/Ю 177

Сырға ЛМИК 10285/Ю 177

 

 

ХХ ғасырдың ортасы.

Металл, маржан

Бүкпе, дәнекерлеу

10,0 х 2,8 см

Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: З.Ш.Ноғаева. Лисаков қ.,2016 жыл.

 

Әшекейлi бұйымдар Лисаков қаласының тұрғыны Ғалия Мағазқызы Нұрмановаға  тиесiлi болған. Әшекейлi бұйымдар Тасты-Өзек ауылында  (Қостанай облысы, Қарабалық ауданы)  тұрған енесi Зұлқия Нұрмановадан қалған. Нұрманова Зұлқия - Қызылорда облысының тумасы. 

 

Маржан тас қойылып, ақ түсті металдан қиын әдіспен негізгі бөлігі нәзік етіп, дөңгелек имек пішінде жасалған. Негізгі бөлігі метал имек тілімшелерден тұрады. Жоғарғы бөлігі «Қошқар мүйіз» өрнегі түрінде ширатылған. Төменгі жағында шеттері жоғары қарай қайырылған тегіс тілімше жапсырылған. Осы тілімшенің төменінде иректелген тілішелер қондырылған. Одан маржан моншақтары тізбектелген бес бұралған сымдар салпылдаған (2 данадан). Шеті  нәзік жүрекшелермен бекітілген.  Конструкцияның негізгі жоғарғы бөлігінде ілмекті ақ темір сым, ал келесі шетінде сырға имегін жасаған бұрмаланған шеңбер түрінде сым ендірілген. Имек пен қондырғы арасында жылжымалы қапсыр қызметін атқаратын нәзік сопақша орнатылған.

 

Әйелдердің әшекей бұйымдары негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес, сондай-ақ діни- идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріп отырған. Әшекей бұйымдары бойынша әйелдердің тұрмысы мен қай өңірден екені туралы білуге болатын еді.

 

Үнемі тағылатын әшекей сырға болып саналады. Сырғалалардың көптеген түрлері мен нұсқалары қолданылады. Түрлі пішіндегі тегіс өрнектелген сырғалар кең таралған. Өте танымал сырғалар - ай сырға, кейде ішкі жағынан ойылған жұлдызы бар. Түрлі қиын кескіндемелі шығыршық сырғалардың да өзіндік орны бар. Көзді тасты сырғалар әртүрлілігімен көз тартады.  

  стрелка